Жолда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жұмысқа 4 бірлік техника мен 10 маман жұмылдырылды.
«Бұл аралықта жұмыс күндері тәулігіне 45 мыңнан астам көлік жүретінін ескерген маңызды. Сонымен қатар жол бойында бірқатар ірі базарлар мен сауда орталықтары орналасқан. Жолды күтіп-ұстау жұмыстары, оның ішінде қоқыс жинау жұмыстары да күн сайын жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер осы учаскеден бір апта ішінде кем дегенде 10 тоннаға жуық қоқыс шығарады (Алматы-Бішкек тас жолының 16-21 шақырымдары аралығы)», — деп жазды баспасөз қызметі.
ҚазАвтоЖол мамандары қызметкерлерінің еңбегін елеп, қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастауға шақырады.