Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.
- Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылы туған;
- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған;
- Қанат Жақаев, 1984 жылы туған;
- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.
«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады», — деп атап өтті ведомстводан.