Талдау барысында жұмыртқа бағасын негізсіз көтеру деректері анықталды. Нәтижесінде алыпсатар делдалдармен тиісті жұмыстар атқарылып, жұмыртқа бағасы 10 пайыз арзандатылды. Атап айтқанда, «Сары-Бұлақ» таңдаулы сұрыпты жұмыртқа бағасы 600 теңгеден 550 теңгеге, осы компанияның жоғары сұрыпты жұмыртқа бағасы 630 теңгеден 600 теңгеге, «Алсад» 1-категориялы жұмыртқасы 550 теңгеден 500 теңгеге, «Ижевские» жұмыртқасы 600-ден 540 теңгеге төмендеді.
Сонымен қатар сатушылар мен кәсіпкерлерге заң аясында қызмет ету тәртібі түсіндірілді. Ал бағаны шектен тыс қымбат сатқандардың ісі құзіретті органдарға жіберілді, олар заңға сай жауапкершілікке тартылады.