🔹ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысының бірқатар мемлекеттік органдармен бірге AlmaU университетінде өткен “Career day” атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
🔹Мемлекеттік органдардың мақсаты – мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, жас мамандарға мемлекеттік органдардағы жұмыс мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және талантты кадрларды тарту болды.
🔹Жәрмеңке барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметке түсу тәртібі, мансаптық өсу перспективалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызығушылық танытқан студенттермен сұхбаттар өткізілді. Бұл жәрмеңке жастарға өз әлеуетін мемлекеттік секторда жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді.
🔹Нәтижесінде AlmaU университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл келісім болашақта талантты жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби өсуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.