«Кешенді қауіпсіздік жүйесі – бірқатар ішкі жүйелері бар орталықтандырылған жүйе, оның құрамына бейнебақылау жүйесі, кіруді бақылау және басқару, екі жақты байланыс, қауіпсіздік және өрт дабылы кіреді. Жүйені құрудың мақсаты Алматы қаласының білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін, құқықтық тәртіпті арттыру болып табылады. Ол бейнебақылауды және тіркелген құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздік жай-күйі туралы шұғыл қызметтерді уақтылы хабардар етуді, мемлекеттік мектептерде (ММ) қауіпсіздікті ұйымдастыру және қолдау жөніндегі шешімдерді қалыптастыру үшін қолда бар жедел ақпаратқа талдау жүргізуді қамтиды», — делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Кешенді қауіпсіздік жүйесі білім беру нысандарының қауіпсіздігі мен мониторингін қамтамасыз етуге арналған:
- әрбір ММ-де бейнедеректерді кемінде 3 тәулік мерзімде сақтау, бұл ретте берілген деректер деректерді өңдеу орталығында (ДӨО) кемінде 30 күн сақталады;
- тапсырыс беруші ұсынатын байланыс арналары арқылы әрбір ұйымнан бейнемониторингтің бірыңғай жүйесі (БМБЖ) ДӨО-ға бейнедеректерді беру;
- мемлекеттік білім беру нысандарының ғимараттарына кіруді бақылауды қамтамасыз ету;
- Алматы қаласының шұғыл қызметтерінің пультіне сигнал беретін шұғыл байланыс терминалын (дабыл түймесі) іске қосу.
Бейнебақылау камераларының функционалдығы жоғары сапада және суреттерді егжей-тегжейлі түсіруге мүмкіндік береді. Деректер интернет желісі арқылы серверге, дербес компьютерге немесе кез келген басқа да құрылғыға беріледі. 30 метр қашықтықтағы инфрақызыл жарықтандырудың арқасында түнде түсіру мүмкіндігі бар. Бейнекамералардан алынған жазбаларды 30 күн бойы сақтауға болады.
«Бүгінде оқу орындарында барлығы 6 739 камера орнатылған, оның 4193-і мектептің ішінде, ал 2546-сы сыртқа қойылған. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің барлығы мамандандырылған күзет қызметкерін шақыру мүмкіндігі бар дабыл түймесімен жабдықталған. Қазіргі уақытта Алматының 459 мемлекеттік білім беру ұйымы 16 299 камерамен жабдықталған. Олардың ішінде 193 балабақша 7 344 камерамен жабдықталған. Әрі 15 интернаттық мекемеде 277 камера және 20 колледжде 1503 камера орнатылған. Барлығы 459 білім беру ұйымында 678 дабыл түймесі орнатылды. Ал мамандандырылған күзетпен 254 білім беру ұйымы қызмет көрсетеді», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.