Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайын бағалауға сәйкес, Төтенше жағдайлар комиссиясы жақын күндері Алматы аумағында 70 пайыздық ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі күтілмейді деген қорытындыға келді. Бірақ елеулі қауіп төндірмейтін афтер дүмпулер болуы мүмкін.
«Жоғарыда аталған комиссияның шешімі негізінде Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың тұрғылықты жеріне оралуы мүмкін деп санайды», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық күшті жер сілкінісі болды.