Оның айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтыру 1,2%-ға өскен.
«Өткен аптада аурудың 155 дерегі тіркелсе, осы жолы 187 дерегі анықталды. Соңғы 7 күндегі инфекцияның негізгі ошақтары: сауда нысандары – 33,3%, қоғамдық көліктер – 41,6%, базарлар – 5,4%, басқа өңірлерге сапарлар – 6,5%», — деді Әсел Қалықова өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.
COVID-19 жұқтырғындардың басым бөлігі 20-39 жас аралығында – 46,5%, 40-59 жас аралығындағы – 22%, 60 және одан жоғары жас – 16%.
«Балалар мен жасөспірімдер арасында вирусты жұқтыру деңгейі әлдеқайда төмен: 1 жасқа дейінгі балалар – 6,4%, 14 жасқа дейінгілер – 4,3%, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар – 6,9%», – деді ол.
Маман алматылықтарға сақ болуға кеңес берді.
«6 ай сайын коронавирусқа қарсы вакцина алуды ұмытпаңыздар. Жұрт көп жиналатын орындарға бармаңыздар. Маска тағып жүріңіз әрі тазалықты сақтауға кеңес беремін», — деді басшының орынбасары.