Сейсмикалық станциялар желісі мамандарының хабарлауынша, жер сілкінісі 12 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:41-де болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.4.
MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 15 км.
Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Бұған дейін сейсмология институтының мамандары алдағы аптада Алматы қаласының аумағында, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарында 3-3,5 балға дейінгі жер асты дүмпулері сезілуі мүмкін екенін айтқан болатын.