«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 4.8. Эпицентр координаттары – 41.39° с.е. 73.96° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 29 шілдеде сағат 19.00-де Алматыдан шығысқа қарай 523 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді. MPV магнитудасы — 5.0. Дүмпудің сезілуі туралы ақпарат түспеген.