«Арнайы операция Алматының түнгі клубтарының бірінде өткізілді. Жедел уәкілдер мен полицияның арнаулы күштері ойын-сауық мекемесінде синтетикалық есірткі сатумен айналысатын сатушыны ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде күдіктіден орама тәркіленді. Оның ішінен ақ ұнтақ түріндегі синтетикалық препараттар шықты. Бұрын күдіктінің жақын маңдағы түнгі клубта ди-джей болып жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар, оның тонау қылмысына байланысты жазасын өтеп шыққаны белгілі болды», — деп мәлім етті министрліктің апталық брифингінде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.