Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыдағы перзетханалардың бірінде үшем дүниеге келді

Алматыдағы перзетханалардың бірінде Райымбек, Ханкелді, Батыр есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

20.09.2022
Аймақ

Білім күнінде туған үш батырдың қазір жағдайы жақсы. Бүгін салмақ жинап, ширап қалған шақалақтар үйлеріне қайтты. Қала әкімдігі Нұртаза әулетіндегі қуанышқа ортақтасып, құттықтау үшін арнайы барды. Ал мәз-мәйрам болған отбасы сәбилермен қауышуды асыға күткен.

«Өте қуанышты сезім болды. Сенбедік. Бірақ келінімнің туысында егіздер бар екен. Менің туысымда да. Қаннан берілген шығар деп ойлаймын. 75-тен асып жасым 80-ге кеп қалдым. Қуанышымды жеткізе алмай тұрмын. Шыны керек. Мына самайымның ағымен, жүрегіммен бәріне қуанышымды бөліскім келеді», – деді үшемнің апасы Кенжебике Сәдуақасова.

Үшем Алматыдағы перинатология орталығында дүние есігін ашты. Бүгін перзентханаға қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы барып, үш батырға жақсы тілектерін айтты. Ол шақалақтарды таситын бесік арба сыйлады. Сондай-ақ үшемнің 7 және 5 жасар аға-әпкесін де құр қол қалдырмады. Ал бір мезетте көпбалалы атанған отбасы дәрігерлерге алғыс айтып, шашу шашты. 32 жастағы келіншек үшемді қолына алғанда өзіне сене алмағанын айтады.

«Не қуанарымды білмей, не жыларымды білмедім. Қуаныш қой. 2 баладан кейін үшеуін көтеріп. 33 аптаға жеттік. Мың да бір алғысымды білдіремін. Өзімді де, балаларды да қарады», – деді  үшемнің анасы Айжан Самат.

Шақалақтар кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Жүктіліктің сирек жағдайы болғандықтан, бір сағаттан астам уақытқа созылған отаны білікті дәрігерлер жасады. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Айта кетейік, үшем эко емес, табиғи жолмен туды.

«Балалар бірден реанимация бөліміне барды. Одан кейін бізге патология бөлімшесіне келіп, бүгінге дейін 20 күн бойы ем алды. Балалар толық тексеруден өтті. Салмақтары бірінші баланың – 1990 кг , екінші баланікі – 1940 кг, үшінші бала – 2200 кг салмақпен туылды. Бүгінгі күнге салмақ қосылды. Физиологиялық жоғалтулар болғанынан кейін 200-300 гр жоғалтады. Одан кейін өздерінің салмағын қосып, бүгін шығарып жатырмыз. Жүректерін тексердік, барлық тексеруден өтті. Балалардың денсаулығы жақсы», – деді  «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» нәрестелер патологиясы бөлімінің дәрігер-неонатологы Ақмарал Бекдайырова.

Дегенмен жанұяның қазір тұрмыс жағдайы мәз емес. Пәтер жалдап тұрамыз деген отбасы мәрт жандардан көмек сұрайды. Осы уақытқа дейін аядай бөлмеге 5 жан әрең сыйып жүрген екен. Отбасында тек әкесі ғана жұмыс істейді.

Тегтер: үшем

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz