Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының мыңнан астам нысаны келесі жылдың соңына дейін сейсмикалық аудит жүргізілетінін айтты.
Ерболат Досаев Алматы нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігі мәселесі өзінің бақылауында екенін айтты.
«1983 жылғы сейсмикалық аудандастыру картасы бойынша Алматы қаласында 5 тектоникалық ақау бар. 2020 жылғы сейсмикалық айқындаудың жаңа Картасына сәйкес Алматы қаласын 1116 нысан орналасқан 27 ақау кесіп өтеді, оның ішінде 754 сейсмикалық төзімді ғимарат және 362 сейсмикалық емес.Мемлекет басшысы қала нысандарына сейсмоаудит жүргізуді қолдады. Ол «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп өткізілетін болады. Жұмысты биыл шілде айында бастап, 2024 жылы аяқтаймыз», — деді әкім.
Ол атағандай, бұл жұмыстармен 9 145 МЖК, 15 477 қоғамдық нысанды, оның ішінде 1383 әлеуметтік нысанды қамту жоспарланып отыр.
«Жаңа сейсмикалық аудит Алматы қаласы объектілерінің паспорттарын соңғы 5 жылдағы белсенді дамуды ескере отырып, жаңартуға мүмкіндік береді», — деді ол.