Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 29 наурыз күні мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған.
«29 наурыз күні полиция бөлімшесіне Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түсті. 7 оқушы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Аталған дерек бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданады.
Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram