Ерболат Досаев зираттарды жабу жұмыстары өткен жылдың күзінде басталғанын айтты.
«Көптеген қорымдар есепке алынбаған. Біз қазір оларды қабылдап, толуына қатысты техникалық баға беруіміз керек, содан кейін жабу туралы шешімді дайындаймыз», — деді әкім.
Оның айтуынша, 2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.
«Қаланың балансында жоқ нәрсені жаба алмаймын. Зиратты қала меншігіне алу үшін оның өлшемдерін білу керек, ол жерде қанша орын болуы керек, бүгінде қаншасы толы. Осы жұмыстардың барлығын жасап жатырмыз. Өкінішке орай, бұл қағазбастылықсыз зиратты жабу мүмкін емес. Екі қаулы жобасы дайындалып жатыр, ақпан айының соңына дейін жабылады деп сенемін», — деді әкім.
Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, қалада барлығы 70 зират бар, оның 30-ын жабу жоспарда тұр.