Эксперименттік тәртіпте реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында апатты жағдайды болдырмау үшін зигзаг таңбасы қолданылды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, мұндай жолақ ҚР Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілмеген. Жолақ көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап келе жатқанын білдіру үшін қолданылады.
«Сонымен қатар мұндай сары жолақ бұл учаскеде басып озуға, кері жүруге, осы аймақта қайта бұрылуға болмайтыны туралы қосымша дабыл ретінде қызмет етеді. Өйткені ол қауіпсіз болуы және жол қозғалысы қатысушылардың жақсы көруіне мүмкіндік бар. Көрсетілген эксперимент оң нәтиже берген жағдайда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері ауданында зигзаг таңбасын қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады», — деп хабарлады әкімдіктен.
Айта кетейік, ең танымал зигзаг таңбасы 1970 жылдардан бастап алдымен Ұлыбританияда, содан кейін басқа елдерде қолданыла бастады. Жолдардағы ерекше жолақтар басқа жол белгілеріне қарағанда тиімді болып шықты және жаяу жүргіншілер мен көлік иелерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектесті.
Алматыда жол қозғалысы ережелерінде жоқ жолақ пайда болды