Әкіммен кездесуде қала тұрғындарының бірі қала ішінде жаңа аспалы жол салуды ұсынды. Мұндай шешім қаладағы кептелісті азайтуға көмектеседі, деп атап өтті. Жоба экологиялық тұрғыдан да таза, өйткені күн батареяларын орнатуға болады.
«Бізде 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында қалада аспалы жолдар салу жоспары бар. Оның ұзындығы – 33 шақырымға созылады. Сіз айтқандардың барлығын қарастырамыз. Егер сізде қосатын нәрсе болса, оны да тыңдауға дайынбыз», — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.