Облыстық ауыл шарушалығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге Қонаев қаласы мен Алматы облысының 9 ауданынан шаруа және фермер қожалықтары келеді.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері әкелінеді: ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары, т.б.
Өнімнің жалпы көлемі – 320 тонна, оның ішінде:
— ет өнімдері – 40 тонна;
— жеміс-көкөніс өнімдері – 160 тонна;
— сүт өнімдері – 15 тонна;
— балық өнімдері – 13 тонна;
— басқа өнімдер – 92 тонна.
«Жәрмеңке 8-9 қазан күндері Алматы қаласы Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында өтеді», – деді облыстық басқармадан.