Қаланы білмегендіктен ол зират аумағына кіріп кетіп, рөлге ие бола алмай, бейіт қоршауларын бұзды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, бейіттер бүлінбеген. Бұл туралы зират күзетшісі полицияға хабар берген.
Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барды. Олар қашып кетпек болған қоғамдық тәртіпті бұзушыны дер кезінде ұстады. Ер адам алкогольдік масаң күйде болған. Белгілі болғандай, көлік иесі жол талғамайтын көлікті бамперін бояу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына қалдырған, сырлаушылар көлікті жууды ұйғарып, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап апарған. Сол жерде көлік жуушы – К.есімді азаматтың қолына оның кілті тиеді.
«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік іс материалдары жиналды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.