Сот оны билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыптап, кінәлі деп таныды.
«Сот М.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан, 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырумен қатар, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.