Дәрігерлердің айтуынша, Алматы тұрғыны толғақпен перзентханаға түскен, УДЗ баланың салмағы 4 келі 800 грамм екенін көрсеткен.
Дәрігерлер кесар тілігін жасады. Содан соң нәрестенің салмағы үлкен екені белгілі болды — 6300 грамм. Бұл жағдай дәрігерлер үшін ғана емес, мұндай үлкен баланы дүниеге әкелем деп ойламаған ананың өзі үшін де күтпеген жағдай болды.
«Бала кесарь тілігімен дүниеге келді. Себебі медицина көрсеткіші болйынша, бала дұрыс емес күйде жатқан. Бұл бала — біздің перзентханада дүниеге келген балалардың арасында ең үлкені. Анасы мен ұлы өзін жақсы сезінеді. Сәби — отбасының үшінші баласы», — деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева.
Медицина стандартына сай, құрсақтағы баланың салмағы 4 келіден асса үлкен, ал 5 келіден асса, алып болып саналады.
Бұған дейін Атырауда салмағы 5,7 келі ұл баланың дүниеге келгені хабарланған еді.