Нақтырақ айтсақ, арт-нысан «Айнабұлақ» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетіне салынған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, муралға арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Сондықтан да ел құрметіне бөленген мамандық. Қабырғада кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші-құтқарушы бейнеленген.
Жетісу Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Мәкеновтың сөзінше, арт-нысан алыстан мен мұңдалап тұр.
«Муралды алыстан көруге болады, онда тек өрт сөндірушінің бейнесі ғана емес сонымен қатар ТЖ болған жағдайда хабарласу қажет — «112» номері бейнеленген. Муралдың мақсаты — тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру», — деп атап өтті Жетісу ТЖБ бастығы Арман Мәкенов.
Тақырыптық мурал халық арасында өрт-профилактикалық жұмыс аясында Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп салынды.
Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіруші-құтқарушылар мен жүргізушілердің 230-дан астам бос орны бар. Сондықтан жастарды азаматтық қорғау органдарына қызметкерлер қатарына тарту мәселесі өзекті.