«Қалалық мобильділік, энергетика және сумен жабдықтау, экология және қоршаған орта, жоспарлау және урбанистика, құрылыс басқармалары мен Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру кезінде нөсер кәріздерін реттейді», — делінген қаулыда.
Сондай-ақ, инженерлік желілерді салу, реконструкциялау және жөндеуден кейін жолдың асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде тиісті жол таңбалау сызықтарын салуды қамтамасыз ету қажет.
Нөсер кәрізі — бұл жаңбыр мен еріген суды қала аумағынан тыс жерлерге ағызып жіберуген арналған күрделі инженерлік жүйе. Жаңбыр суына коллекторлар, жаңбыр науалары, арналар, су қоймалары кіреді.
Алматыдағы арық желісінің ұзындығы — 1525 шақырым оның 1208 шақырымы нөсер кәрізі ретінде пайдаланылады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына дейін 376 км арық желісін салу жоспарда. Оның ішінде биыл 80,1 км салынды.