Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген. «AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар процент түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.
Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ға дейін пайда уәде етілген.
Соның салдарынан компания 6 млрд. теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірген. Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.
Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 6 жылдан 7 жылға дейін.