Алматының тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтарды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізеді. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тұрмыстағы құқық бұзушылықтардың үлесі барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың 0,05 пайызын құрады. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 2,6 есеге (14-тен 6-ға дейін) азайған.
Диас Дуанбековтың айтуынша, тұрмыс барысында кездесетін қылмыстың негізгі түрі – адам өлтіру және дене жарақатын салу. Мұндай ауыр қылмыстар ерлі-зайыптылар арасында – 2 жағдай, бірге тұратындар арасында – 2, жақын туыстар арасында – 2 оқиға тіркелген. Көбінесе қылмыстар алкогольдік ішімдік тұтыну салдарынан, қызғаныш пен ұрыс-керістен кейін орын алады.
«Отбасылық-тұрмыстық өмірде кездесетін қылмыстық жағдайларды шектеудің бір жолы — құқық бұзушылық жасағандарды профилактикалық есепке алу және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Осылайша өткен мерзімде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1362 адамға қатысты іс қозғалды, 2023 жылдың 5 айында 3141 адам профилактикалық есепке алынды, оның ішінде 2782-не қорғау нұсқамасы шығарылды және 359 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды», — деді Диас Дуанбеков.