Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде пайда тапқан.
Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.
«Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі – 693 мың доллар немесе шамамен 310 миллион теңге, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуықтаған.
Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.