Ауқымды мәдени бағдарлама аясында Досым Сәтбаев, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Әсел Сапақова және басқа да көптеген танымал тұлғалар сөз сөйлейді.
Сондай-ақ «Менің алғашқы ертегілерім», «Как сделать единорога?», «Tarmaqtar» және жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.
Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады. Сондай-ақ, алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» салынады.
Айта кетейік, 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан KitapFest республикалық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі. 9 жыл ішінде ол танымал қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ден астам кітаптың тұсаукесерін өткізген шығармашылық жазушылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.