«ҚазақстанҒарышСапары «ҰК» АҚ Геосервисінің деректеріне сәйкес Алматы қаласының аумағында 2022 жылы 12 рұқсат етілмеген түрмыстық және құрылыс қалдықтар орны анықталды, сонының ішінде Медеу ауданында рұқсат етілмеген қалдықтар орны 8 нүкте, Түрксіб ауданында 2 нүкте, Алатау ауданында 2 нүкте тіркелді, жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 12 орын тазаланып шығарылды. «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК» АҚ геосервисіндегі жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда», — деді Алматы қаласы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов.
2020 жылы Алматыда 24 рұқсат етілмеген қалдықтар орны, 2021 жылы — 17 орын тіркелді. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың күштерімен жойылды деп айтылады.
Сонымен қатар, Департамент апта сайын Алматы қаласының аудандары бойынша әкімдіктермен бірлесіп рейдтер өткізеді және стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауда.
Департамент егер тұрғындар орынсыз жерде қоқыс шығарылғанына куә болса немесе қоқыс тастайтын жерлерді тапса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет екенін хабарлады: 239-11-03, 239-11-05.