Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді

Алматыда "Еуразия" халықаралық кино фестивалі өтеді. Биылғы жылы кинофестивальде екі конкурс жарияланады, деп хабарлайды Alataunews.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

07.12.2022
Аймақ

Екі байқаудың бірі — халықаралық, ал екіншісі — ұлттық байқау. Халықаралық байқауда соңғы 12 айда Еуразия континентінің аумағында түсірілген 15 толықметражды ойын фильмі, ал ұлттық байқауда 2021-2022 жылдары шығарылған 15 отандық толықметражды ойын фильмі сайысқа түседі. Екі байқауда да жеңімпаздар келесі номинация бойынша анықталады: «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», ерлер рөлін үздік орындау, әйелдер рөлін үздік орындау және қазылар алқасының арнайы жүлдесі.

Айта кетейік, белгілі отандық кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұлов «Еуразия»ХКФ XVI президенті болды.

«Фестиваль құрылған сәттен бастап «Еуразия» дәстүрінде өскен қазақстандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасты. Бүгін қазақстандық кинематограф осындай деңгейге жетті, оған жеке ұлттық байқау бөлінді. Онда халықаралық кинофестивальдерге қатысқан және жеңген фильмдер де, кең аудиторияда табысқа жеткен картиналар да жарысатын болады», — деп атап өтті фестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева.

Конкурстан тыс мерейтойлық фильмдер, әртүрлі дәуірлер мен жанрлардағы әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасын ұсынатын «ерекше оқиға» бағдарламасы; заманауи қысқа метражды қазақстандық киноға арналған «жаңа есімдердің ашылуы» бағдарламасы да кіреді. Онда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмінің көрсетілімдері болады.

Фестивальдің ресми ашылуы мен жабылу салтанаты Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Кино көрсетілімдері Kinopark 16 кинотеатрында болады.

Тегтер: кинофестиваль

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz