Алматы қаласының Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы аттанған.
«1959 жылы туған азамат ұсталды. Ол алкогольді масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқандығы белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ. Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — делінген полиция хабарламасында.