Мәселен, электрсамокаттармен Южный, 28 Панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды. Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және Северный скверлерінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғ. Назарбаев даңғ Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурда жүруге шектеу қойылған. Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоқсан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі. Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады.
Шектеулер электросамокаттарды жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшаларында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережелерді сақтауы тиіс, сондай ақ адамдар көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеулері керек.