Сарапшылар мен қала тұрғындары көлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, инженерлік желілерді жаңғыртуды, ауаның ластануымен күресу және экожүйені жақсарту шараларын талқылады.
Былтыр шілде айынан бастап «Тұрғындар сауалнамасы» зерттеуі жүргізіліп жатыр. Бұл алматылықтардың тәжірибесіне жүгінуге, қалай өмір сүретінін, жолға қанша уақыт жұмсайтынын, не мазалайтынын және шаһардың дамуына қатысты ұсыныстарын білуге мүмкіндік берді.
Бас жоспарды талқылаудағы мәселенің дені осы зерттеудің нәтижесімен расталады.
Үш күндік қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстар мен пікірлер Алматының полиорталықтарының бас жоспарын әзірлеу бойынша техникалық тапсырмаларды белгілеу кезінде ескеріледі.