Ауданда апаттың салдары жойылып жатыр.
«Алматы су» мекемесінің мәліметінше, жұмысшылар Герцен көшесінің бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырын жөндеп жатыр. Апатты жоюға 16 техника жұмылдырылды. Жарылған су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген», — деп жазылған хабарламада.
Бүгінде Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесінің қиылысында көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылды.
Су құбырының жарылуына байланысты төмендегі әкімшілік ғимараттар мен үйлерге су беру уақытша тоқтатылды:
- Сүйінбай – Баянауыл – Шемякин – Хмельницкий көшелері;
- Рысқұлов – Парковая – Құлыншақ – Баишев көшелері;
- Айша бибі, Атырау, Шуақты шағын аудандары.
Бұл мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерна арқылы су жеткізіледі.
Алматының басқа аудандарында су беру тоқтатылмайды.