«Тергеу барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігі күмән тудырды. Арнайы сараптама оның жалған екенін анықтады. Бұл факт тағы бір қылмыстық істі тіркеуге негіз болды. Жақында үкім шығарылды», — деп атап өтті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Медеу аудандық сотының шешімімен 1994 жылы туған азаматқа ҚК 385-бабының 2-бөлігі мен 3-бөлімдерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу және 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарылды.
Еске сала кетейік, былтыр 22 қазанда Алматының Төле би даңғылында автобус әйел адамды қағып кетіп, салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алған болатын. Сот-медициналық сараптамасы әйелдің денсаулығына айтарлықтай зақым келгенін анықтаған.