ХҚКО-ларда азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері көрсетілетін болады.
«Осылайша, азаматтардың барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден «бір терезе» қағидаты бойынша алу мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары бірыңғай жүйеге біріктірілген», – деді Алматы қаласы әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысының м.а. Жанар Бейсенова.
Сондай-ақ, департамент азаматтардың жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілік бар екенін атап өтті.
«Тіркеуші органдардың қызметкерлері асырап алушының келісімінсіз асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және асырап алушылардың асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпаратты қамтитын құжаттарды беруге құқы жоқ. Бұл өте қатаң бақылауда», – деді тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімнің жетекші маманы Сара Мурзиева.