Аталған жағдайға Көк төбе әкімшілігі жауап берді.
Олардың айтуынша, бағаның өсуіне саябақтағы автотұрақтардың санының аз болуы себеп болған.
«1 мамырдан бастап тұраққа (жоғарғы вокзал) кіру бағасы 5 мың теңгеден 7 мың теңгеге көтерілді. Жалпы саябаққа кіру тегін. Ал жеке көлікпен келгендерді кіру құнын төлегеннен кейін жоғарғы тұрақ аймағында болуын шектемейміз», – дейді «Көк төбе» әкімшілігі.