«Қазіргі уақытта «ылғалды» қар көшкіні жүріп жатыр. Мұндай қар көшкінінің астында қалғандар болса, олардың аман қалуға мүмкіндігі жоқ», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы тауларында жауын-шашынның түсуі салдарынан қар деңгейі 60 см-ден асқан, мамандар қар көшкіні қаупінің жоғары (қызыл) деңгейін жариялады.
«Соңғы екі тәуліктің ішінде Алматы тауларында жалпы көлемі шамамен 50 мың текше метр болатын 10 қар көшкіні жүрді. «Қазселденқорғау», полиция және ТЖД қызметкерлері тарапынан блокпостар қойылып, халықтың тауға баруын шектеу бойынша уақтылы қабылданған шараларға байланысты қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Қар көшкінінің көбі өтуге оңай емес жерлерге түсіп, таулардың баурайында тоқтады, еш нәрсеге зақым келтірмеді», — деп толықтырды ТЖД.
ТЖД мен «Қазселденқорғау» қала тұрғындары мен қонақтарын жауын-шашынның түсу болжамына байланысты тауға шығудан бас тартуға шақырды. Тауда қалған туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.