«Адам өміріне қауіпті аймақтарға, яғни «Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Тұйықсу мұздығы» тас жолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блокпостар орнатылды. Көшкін қаупі кезеңінің басынан бері адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 490 мың текше метрден асатын 110 қар көшкіні болды», — деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді.
ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға, ауа райының жағдайын бақылауға, қар көшкінін тудыруы мүмкін тік қарлы беткейлерге шықпауға, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.