Төтенше жағдайлар департаменті 8 бен 12 сәуір аралығында тауға саяхаттамаған жөн деп отыр. Көшкін орын алмас үшін қар басқан баурайларға бармаған дұрыс.
Алматы тауларында көшкін қаупі мен жауын-шашын туралы дауылды ескерту жарияланды.
«8 бен 12 сәуір аралығында жылымық, күшті жауын-шашын мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар жамылғысының тұрақсыз күйі күтілуіне байланысты қар көшкінінің орын алу қаупі сақталады», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ тауда ұйытқуы 22 метрге дейін жететін күшті жел соғуы ықтимал. Осыған байланысты көшкін қаупін тудырмас үшін қарлы бөктерлерге шығудан, абзалы – саяхатты кейінге қалдырған жөн.