Оған Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласындағы азық-түлік кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкелерде 50-ден астам өнім түрлері қойылады, оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Өнімнің жалпы көлемі 125 тоннадан асады.
Осы демалыс күндері болатын жәрмеңкелер келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
1. Гоголя — Масанчи көшелерінде (Алмалы ауданы);
2. Қазақфильм ықшамауданы (Бостандық ауданы);
3. Абай проспектісі мен Өтеген көшесінің қиылысы (Әуэзов ауданы);
4. Меңдіқұлов, Бектұров, Шевченко, Қонаев көшелері (Медеу ауданы).
Алматыда апта сайын сенбі, жексенбі күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Биылдың өзінде 420-ға жуығы болған. Жыл соңына дейін тағы 90 жәрмеңке ұйымдастырылмақшы.