«Мен күн сайын апаттарды көремін. Қар жауған кезде оны уақытында тазалау керек», — деді Алматы облысының тұрғыны Владимир Нефеткин.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы жолды үнемі қардан тазартамыз деп сендіріп отыр. Тек осы трассадағы жұмыстарға 15 арнайы техника жұмылдырылған.
«Ол жерде температураның күрт төмендеуі байқалады. Қар аралас жаңбыр жауады, содан кейін біз оны өңдейміз, бірақ әрдайым нәтиже бермейді, өйткені температураның өзгеруі жол жамылғысының күйіне теріс әсер етеді», — деді «Ақылы автожолдар дирекциясы филиалының» бөлім бастығы Тимур Әлімов.
Айта кетейік, «Алматы-Қонаев» трассасы жыл сайын бір миллиард теңгеден астам табыс әкеледі. «ҚазАвтоЖолда» ақша автомобиль жолдарын жөндеуге, оларды күтіп ұстауға және техниканы сатып алуға жұмсалады дейді.