Айыпталушы ер адам 293-бап бойынша бұзақылық жасағанын мойындайтынын айтты.
«Ашуға бой алдырып, өрескел қате жібердім. Бұзақылық жасағаным үшін өте қатты өкінемін. Алдағы уақытта өзім үшін өмірлік сабақ алдым деп түсінемін. Ендігі бұзақылық жасамаймын деп өзіме сенемін және сіздердің де сенулеріңізді сұраймын», — дейді айыпталушы.
Сонымен қатар, сотталушы айыптау актінде жазылған дерекпен келіспейтінін айтты.
Сот жарыссөзінде Дархан Ахмеджанов соңғы сөзін айтты. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.
«Сот актісі 26 сәуірде сағат 16.30-да жарияланады», — деп жазылған Жоғарғы сот мәліметінде.
Сотталушы бұзақылық жасағаны және абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталып отыр.