Министрлік мәліметінше, барлық студенттер дер кезінде эвакуацияланған, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
«Ғылым және жоғары білім министрінің тапсырмасымен Алматыдағы жоғары оқу орындарында барлық сабақтар тоқтатылды.Сондай-ақ ректорларға университет жатақханаларында кезекшілік ұйымдастырып, студенттерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету тапсырылды,- бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.