Алматының қоғамдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, судың арық арқылы кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада шықты, оның ішінде «Алматы Тазалық» кәсіпорнының 33 бригадасы бар.
Кезекшілікке барлығы 344 бірлік арнайы техника, 21 мотопомпа және 163 жұмысшы шықты. Қосымша 2 300 қап құм дайындалды.
«Алдағы күндері ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне көлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынын болдырмау үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырмауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел ден қою шараларын қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 нөміріне хабарлама жазыңыздар», — делінген хабарламада.