Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша 09:52-де тіркелген, қалада 2 балл сезілген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан — афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11,6. MPV магнитудасы — 5,2», — делінген хабарламада.