10 наурызда Алатау аданында екі автобустың соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шеккен.
«Алматы №7 клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне бес адам жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы жан-жақты тексерілді. Төртеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді, бір науқас ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр, тұрақты. Алтыншы Науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді», — делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.