Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға салдарынан 25 адам зардап шеккен. Бір науқас жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған.
«Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емханалық көмекке жіберілді. Зардап шеккендердің 22-сі қаланың стационарларына жеткізілді, барлығының жағдайы орташа ауыр деп бағаланды», — деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім болды.
Қазір науқастарға қажет ем шаралары жүргізіліп жатыр.