Ведомство мәліметінше, бұл шара 23 ақпанда сағат 10:00-ге жоспарланған.
«Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз. Ғимараттардан, электр желілер мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң — қауіпсіз орын. Сейсмикалық жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» сигналын естігенде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосыңыз және нұсқауларды орындаңыз», — деп жазылған ведомство хабарламасында.