Оқиға бүгін сағат 09.00-де болған. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып алдында келе жатқан №133 автобусқа және «Нексиа» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
Ал №133 автобус инерция бойынша №88 автобусқа соқтығысқан. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиғаны Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 15 адам зардап шекті.