Қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде басталды. Жиналған жұрттың қарасы көп болды. Мұнда Талғат Мұсабаевтың туыстары мен жақындары, өмірдегі және қызметтегі әріптестері мен достары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері ғарышкерге соңғы құрметін білдіру үшін келді.
Қоштасу рәсімінен кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады.
Белгілі болғандай, Талғат Мұсабаев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді.
Талғат Мұсабаев – Қазақстан тарихындағы ғарышқа үш рет ұшқан тұңғыш адам, ұлттың мақтанышы. Оның есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.






