Интернет ресурстар мониторингі нәтижесі бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады.
«Тұрғын үй кешені сайты мен әлеуметтік желідегі парақшада көрсетілген мәлімет бойынша, премиум-класты жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналаспақ. Алайда бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ», — денлінген хабарламада.
Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізу ұсынылады.